НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз — Sputnik. Софи Трюдоның коронавирусқа тапсырған тесті вирус жұқтырғанын растады. Бұл туралы үкімет басшысының ресми өкілі Камерон Ахмад өзінің Twitter-інде мәлімдеді.
Канада премьер-министрінің әйелі Софи Трюдо бұған дейін Ұлыбританиядан оралған болатын. Өзін жайсыз сезініп, тест тапсырған.
Ресми ақпаратқа сәйкес, Софи Трюдо қазір жұрттан оқшауланған. Дерт жеңіл түрде өтіп жатқаны хабарланды.
Тағы оқыңыз: Семей тұрғыны коронавирус жұқтырды деген ақпаратқа түсініктеме берілді
Ал Джастин Трюдо вирус жұқтырған жоқ, алайда үйінде жұмыс істеу туралы шешім қабылдады. Жиындарды бейнебайланыс және телефон арқылы өткізеді.