Қоғам

Қазақстанда Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парад өткізілмейді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоВоинские подразделения начали подготовку к боевому параду в Отаре
Воинские подразделения начали подготовку к боевому параду в Отаре - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін жоспарланған халықаралық форумдарды кейінге шегеруді тапсырды   

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесіне арналған шараларды және әскери парадты өткізбеу жөнінде тапсырма берді.

"Мемлекет басшысы елімізде коронавирустың таралуына жол бермеуге байланысты Наурыз мерекесіне арналған қоғамдық шараларды және елордада Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадты өткізбеу туралы шешім қабылдады", - деп атап өтті президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Сонымен қатар Тоқаев бұған дейін жоспарланған халықаралық форумдарды кейінге шегеруді тапсырды.

"Дегенмен шағын және орта бизнес жұмысын жалғастыра беруі тиіс. Қасым-Жомарт Кемелұлы шектеу шаралары олардың жұмысына кедергі келтірмеуі керек екенін атап айтты. Ірі кәсіпорындар да үздіксіз жұмыс істей береді", - деп түсіндірді Берік Уәли.

Оқи отырыңыз: Министр Біртанов коронавирустың тиімді тұсын атады

Айта кетейік, бүгін президент коронавирус пандемиясына қарсы күрес мәселесі жөнінде бірқатар мемлекеттік орган басшысымен шұғыл кеңес өткізді.  Жағдай мемлекет басшысының ұдайы бақылауында. 

Коронавирус індеті

Covid-19 деп аталатын жаңа коронавирус 2019 жылдың желтоқсанында тарала бастады. Қытайдың Ухань қаласында (Хубэй провинциясы) бұрын-соңды белгісіз болған ауру өршіді. Қазір коронавирус әлемнің 100-ден астам елінде анықталды.

Қазақстанда әзірге коронавирус тіркелген жоқ. Алайда бас санитар 11-16 наурыз аралығында елге коронавирус кіруі мүмкін екенін ескерткен болатын. 

Жаңалықтар
0