Қоғам

Министрдің орынбасары полиция белсенділерді үйден ұстап әкетпейтінін айтты

© Sputnik / Абзал КалиевМитинг 16 декабря в столице
Митинг 16 декабря в столице - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары құқық қорғау органдары қолданыстағы заң аясында ғана әрекет етеді

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Полиция белсенділерді еш себепсіз үйден ұстап әкетпейді. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілісте "Қазақстанда бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасының презентациясында белгілі қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан митинг кезінде белсенділерді ұстау жайын көтерді.

"Көп жағдайда митинг қатысушыларын немесе ұйымдастырушыларын заңбұзушылық болмаса да, үйден алып кетеді. Бұл мәселеде полицияның іс-қимылын реттеу керек деп ойлаймын", - деді Тайжан.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, құқық қорғау органдары қолданыстағы заң аясында ғана әрекет етеді.

"Біз ол адамды, егер оған қатысты материал болса ғана, үйінен ұстап алып кетеміз. Біз оны шақырамыз, барлық материалды рәсімдеп, сотқа ұсынамыз. Бұл мәселелер сот тәртібімен шешіледі. Сіз санағандай, министрлік жөнсіз ұстай бермейді", - дейді ол.

Бұған дейін жаңа заң жобасында бейбіт жиындарға қатысатын адамдар санын 250-ге дейін шектеу ұсынылған еді. Қоғамда бұл норма қызу талқыланып, дауға айналып, ақыр соңында алынып тасталды. Бейбіт жиынға қатысушылар санына шектеу қойылмайды. Алайда ұйымдастырушылар митингке қанша адам қатысуды жоспарлап отырғанын алдын ала хабарлауы тиіс.

Тағы оқыңыз: Жүздеген милиция қызметкері жеткізілді - Қырғызстанда не болып жатыр

Жаңалықтар
0