Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Берік Қамалиев қатысып жатыр.
Айта кетейік, кеше Женева қаласында өткен брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус жаңа коронавирустың пандемияға айналғанын мәлімдеді. Себебі ауру әлемдік ауқымда таралып кетті.
Бас санитар: 11-16 наурыз аралығында Қазақстанға коронавирус кіруі мүмкін
Ал Қазақстанның бас санитары Жандарбек Бекшин 10 наурызда өткен баспасөз мәслихатында "11-16 аралығында Қазақстанға коронавирус кіруі мүмкін" деген болжам жасаған болатын.