Саясат

Коронавирус Тоқаевтың жұмыс кестесіне қалай әсер етті

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев на совещании по программе "Цифровой Казахстан", 04.03.2020
Касым-Жомарт Токаев на совещании по программе Цифровой Казахстан, 04.03.2020 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда көпшілік шараларға тыйым салынса да, президенттің жұмыс кестесі жеңілдеген жоқ. Бірақ бірқатар өзгеріс енгізілді

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Әлемде коронавирустың кеңінен таралуына байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс кестесі өзгерді. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли айтып берді.

"Қасым-Жомарт Кемелұлының халықаралық кездесулеріне арналған кестеге бірқатар өзгеріс енгізілді. Өйткені бүгінде әлем бойынша сан алуан келіссөздер, сапарлар, екіжақты және көпжақты кездесулер өтпейтін болды. Қазақстан да бірнеше халықаралық шараны кейінге шегерді. Соның ішінде Дүниежүзі сауда ұйымының министрлер кездесуі де бар", - дейді Уәли.

Оның айтуынша, халықаралық шаралар кейінге шегерілсе де, мемлекет басшысының жұмыс кестесі жеңілдеген жоқ. Президент жаңа сын-қатерлер жағдайында стратегиялық мақсаттарды шешуге ден қойды.

"Қазір күрделі жағдай қалыптасып отыр. Пандемия экономика, қаржы мен халықаралық қатынастарға, соның ішінде біздің ұлттық мүддемізге де әсер етіп жатыр. Бұдан бөлек, президент шұғыл жұмысқа баса назар аударып отыр. Кездесулер мен кеңестер өткізіп, жағдайды бақылайды, тиісті ведомстволардың жұмысын жіті бақылауда ұстайды", - деп атап көрсетті президенттің баспасөз хатшысы.

Қазақстанда коронавирустың алдын алу үшін барлық көпшілік шараларға тыйым салынды. Соның ішінде Наурыз мейрамы мен Жеңістің 75 жылдығы бар. Бұған дейін президент 8 наурызға арналған мерекелік концерт мен салтанатты жиынның өткізілмейтінін мәлімдеген.

"Бұның барлығы халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жасалып отыр", - дейді Уәли.

Тоқаевтың тапсырмасы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирустың пандемияға айналғанын мәлімдеді. Себебі ауру әлемдік ауқымда таралып кетті. Осыған байланысты бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы қоғамдық шаралардың уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді. Ал коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қосымша шараларды әзірледі.

13 наурыздан бастап бұқаралық іс-шараларға, соның ішінде мерекелік, спорттық, мәдени-көпшілік шаралар, конференциялар, семинарлар мен көрмелерді өткізуге тыйым салынады. 

© SputnikКоронавирусқа байланысты енгізілген шектеу
Коронавирус Тоқаевтың жұмыс кестесіне қалай әсер етті - Sputnik Қазақстан
Коронавирусқа байланысты енгізілген шектеу

 

Жаңалықтар
0