Мәдениет

Абайдың әнін шырқаған 20 жастағы алматылық бойжеткен "Қазақ аруы" атанды

© Photo : Рixabay/jbundgaaДевушка примеряет диадему, иллюстративное фото
Девушка примеряет диадему, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда Республика сарайында өткен "Қазақ аруы – 2020" байқауына еліміздің түкпір-түкпірінен 19 бойжеткен қатысты

АЛМАТЫ, 12 наурыз – Sputnik. Алматы облысының 20 жастағы аруы Нарқыз Айдарова "Қазақ аруы – 2020" атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ISSARINAT (@issarinat)

Продюсер Баян Алагөзова ұйымдастыратын байқау биыл 10 рет өтті. Алматыда Республика сарайында өткен байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 19 бойжеткен қатысты. Қатысушылар сұлулық, жоғары интелект, салт-дәстүр және өнерден бақ сынады.

Ресейлік сұлулық байқауындағы шу: қазақ қызын сахнаға ашық киінуге мәжбүрлеген

Байқауда Нарқыз Айдарова Абай Құнанбайұлының "Айттым сәлем, Қаламқас" әнін орындады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Тұратбекова Жайна Жамалбекқызы (@zhaina_turatbekova)

Жеңімпаз болған Нарқыз Айдарова бұған дейін режиссер Артем Ганцевтің "Ғазиз жүрек" телесериалына түскен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нарқыз Айдарова (@aidarova01)

І орынды алматылық Аяжан Тойбазар, ІІ орынды Қарағанды қаласының 19 жастағы аруы Аяжан Мүбарак, ІІІ орынды Алматы қаласының 18 жастағы тұрғыны Зере Молдабекова алды.

Сондай-ақ, байқау барысында көрермен Тамара Асар, Айқын Төлепберген, Қуандық Рахым, Айгерім Қалаубаева, "КешYOU" тобының өнерін тамашалады.

Жаңалықтар
0