Спорт

Қазақстанда бұқаралық спорт шараларының барлығы тоқтатылды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуФигурное катание
Фигурное катание - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамаларының спортшыларына халықаралық жарыстарға қатысуына тыйым салынды

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Қазақстанда барлық бұқаралық спорт шарасы тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Спорт шараларының тоқтатылғаны туралы ақпаратты Қазақстан мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру комитетінің баспасөз қызметі растады.

"Иә, дұрыс айтасыз. Коронавирусқа байланысты барлық спорт шарасы тоқтатылды", - деді баспасөз хатшысы Раухан Тоғымбаева.

"Бұл шетелге оқу-жаттығу жиындарына немесе халықаралық жарыстарға баратын ұлттық құрамаларға да қатысты. Уақыты – осы жылдың бірінші жарты жылдығы", - деді сұхбат беруші.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирустың белгілері неше күнде байқалатынын анықтады 

Айта кетейік, қазір "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінде ойнап жатыр. Команданың матчтарын тоқтату немесе ауыстыру туралы шешім әлі қабылданған жоқ.

"Барыс" хоккей клубымен қазір бұл мәселе шешіліп жатыр. Хоккей клубы өз матчтарын өткізуі де мүмкін", - деді комитеттің баспасөз хатшысы.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Sputnik тілшісіне Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі анықталмағанын хабарлады.

Коронавирус эпидемиясы

Ресми ақпаратқа сәйкес, осы уақытқа дейін шетелден келген 4650 адам медициналық бақылауға алынды. Олардың ішінде коронавирустың жұқтыру деңгейі жоғары, яғни 1 "б" санатына кіретін мемлекеттерде болған 1217 адам бар. Бүгінде 676 адам бақылаудан шығарылды.

11 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 3 974 адам бақылауда тұр. Ал емдеуге жатқызылған 90 адамның ішінен 52 адам шығарылды. 38 адам стационарда жатыр.

Әлем бойынша 117 мемлекетте 38 140 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. 1135 науқас қайтыс болды.

1 "а" санатына кіретін мемлекеттер (14 күнге карантинге алынады, кейін он күн ішінде дәрігерлердің бақылауында болады):

  • ҚХР
  • Иран
  • Оңтүстік Корея
  • Италия

1 "б" санатына кіретін елдер (үйде карантинде болады, кейін он күн бойы дәрігерлер бақылайды):

  • Франция
  • Германия
  • Испания

Екінші санат (14 күн ішінде қоңырау шалынады):

  • Швейцария
  • Ұлыбритания
  • Нидерланды

Үшінші санат (эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізіледі, 24 сағат ішінде бақыланады):

  • Бельгия
  • Швеция
  • Норвегия
  • Үндістан
  • Ирак
  • Филиппин
  • АҚШ
Жаңалықтар
0