Қоғам

Дәрігер қолды жиі жуу несімен қауіпті екенін айтты

© Photo : СС0 / Martin SlavoljubovskiМытье рук
Мытье рук - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қол таза болып, терінің қорғаныс қабатын жоймау үшін дәрігерлер сабынды күніне сегіз реттен артық қолданбауға кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз — Sputnik. Мамандар қолды жиі жуу зиянды болуы мүмкін екенін айтты.

Sputnik радиосына сұхбат берген аллерголог-иммунолог Алексей Бессмертный тұмау маусымы кезінде қолды жиі жуу қажеттілік екенін жеткізді. Алайда арнайы гигиеналық құралды тым жиі қолданудың кері әсері болуы мүмкін.

© Photo : СС0 / silviaritaМамандар сабынды күніне сегіз реттен артық қолданбауға кеңес берді
Дәрігер қолды жиі жуу несімен қауіпті екенін айтты - Sputnik Қазақстан
Мамандар сабынды күніне сегіз реттен артық қолданбауға кеңес берді

"Жуынуға арналған құралдарды күніне алты-сегіз реттен артық қолдану зиян. Өйткені бұл ағзаны инфекциялардан қорғайтын тері қабатын жояды. Бұған қоса, тері бұзылады", – деді Бессмертный.

Арнайы құралдар көмектесе ме

Мамандар антисептикалық гель мен спрейдің айтарлықтай пайдасы жоқ екенін айтып отыр. 

Дәрігер америкалық педиатрия академиясының зерттеуін мысалға келтірді. Зерттеу қорытындысына сәйкес, антисептиктер дымқыл майлық сияқты қолдың кірін кетірмей, керісінше, езіп қояды.

Қолды қалай жуу керек

Қол таза болуы үшін дәрігерлер сабынды күніне сегіз реттен артық қолданбауға кеңес берді. Сондай-ақ, сабын қолданғаннан гөрі таза сумен шайған жөн. Бұл терінің қорғаныс қабатын сақтауға мүмкіндік береді. 

 

Жаңалықтар
0