Қоғам

Мәжілісте кімдердің жәрдемақысы 367 мың теңгеге дейін өсетіні айтылды

© Sputnik / Абзал КалиевПортмоне с деньгами
Портмоне с деньгами - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Заң жобасында соғыс ардагерлерінің және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс ардагерлеріне теңестірілген тұлғалардың мәртебесін белгілеу ұсынылған

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Қазақстанда Социалистік Еңбек Ерлері мен үшінші дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бірнеше есеге артады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мұндай норма мәжіліс жұмысқа алған "Ардагерлер туралы" заң жобасында қарастырылған.

"Бұл заң жобасы Отан алдындағы әскери және азаматтық борышын атқарған Қазақстан ардагерлері мен азаматтарының құқықтары мен әлеуметтік мүдделерін қорғау саласындағы мәселелерді реттеуге бағытталған. Осы заң жобасы ардагерлердің 5 әлеуметтік қорғалатын санаты мәртебесін белгілеуді көздейді", - деді депутат, мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова.

Заң жобасында соғыс ардагерлерінің және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс ардагерлеріне теңестірілген тұлғалардың мәртебесін белгілеу ұсынылған.

Сонымен қатар, басқа мемлекеттердің аумағында жауынгерлік қимылдар атқарған ардагерлерді, Қазақстанның бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындаған әскери қызметшілерді оларға жатқыза отырып, жеке санатына бөлу ұсынылады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өседі

Заң жобасында ардагерлер үшін әлеуметтік қолдаудың бірқатар шарасы қолға алынған.

"Құжатта Социалистік Еңбек Ерлеріне және үшінші дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшерін 138,6 АЕК-ке дейін  (2020 жылы 367 мың теңге) арттыру көзделген", - деді ол.

Сондай-ақ, басқа мемлекеттердің аумағында соғыс қимылдарының ардагерлеріне 6,19 АЕК мөлшерінде (16,4 мың теңге) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы белгілеу ұсынылып отыр. 

Комитет заң жобасы бойынша қорытындыны осы жылдың 24 маусымына дейін ұсынады.

Жаңалықтар
0