НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Қосша елді мекенінде жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Желіде оқиға орнында түсірілген видео жарияланды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Кеше, 10 наурызда сағат 21.37-де №303 автобус өртенді. Жүргізуші "Алтын дала" аялдамасына жеткенде автобус датчиктерінің дұрыс жұмыс істемей жатқанын байқаған. Ол тоқтап, автобустың капотын ашқан, сол кезде өрт шыққан", - деп хабарлады City Transportation Systems (бұрынғы Астана LRT).
Жүргізуші алдымен өртті өзі сөндіре бастайды, кейін өрт сөндіру қызметін шақырған, деп нақтылады компания.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қаңтарда Нұр-Сұлтан әуежайының жанында жолаушылар автобусы өртенді. Көліктің артқы бөлігі өртеніп жатқан сәт видеоға түсірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы өртеніп жатыр - видео
Жолаушылар автобустары сапар алдында міндетті түрде мұқият техникалық тексерістен өтетіні хабарланды.