Экономика

Тоқаев Ұлттық банк төрағасын Ақордаға шақырды

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ерболат Досаев мемлекет басшысына Ұлттық банк ел экономикасындағы тұрақтылықты сақтау үшін не істеп жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуда Досаев мемлекет басшысына еліміздің қаржы нарығындағы қазіргі ахуал туралы баяндады.

Сонымен қатар, Ұлттық банк макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылдап жатқанын тілге тиек етті.

Айта кетсек, Қазақстанның валюта нарығындағы жағдай 9 наурызда мұнай бағасы құлдырағаннан кейін күрделене түсті. Доллардың бағамы ақша айырбастау орындарында 400, тіпті кейбірінде 420 теңгеге дейін шарықтап кетті.

Доллар неге қымбаттады

Экономистердің айтуынша, доллар бағамының өсуі әлемде мұнай бағасының 30%-ке, яғни барреліне 30 долларға дейін төмендеуімен байланысты. Бұған ОПЕК+ келісіміне қатысушы мұнай экспорттаушы елдердің 6 наурызда Венада мұнай өндірісі көлемін азайтуға байланысты ортақ шешімге келе алмағаны себеп болған. Сондай-ақ, әлемдік экономикаға коронавирус індетінің де кері әсері тиді.

Доллар бағамы күрт өсіп кеткен соң 9 наурызда әлеуметтік желілерде Ұлттық банк 10-13 наурыз аралығында айырбас операцияларына толық тыйым салды деген хабарлама тарап кетті. Бірақ Ұлттық банк бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Тағы оқыңыз: Елде девальвация бола ма - министр жауап берді

Қазақстан билігі жағдай бақылауда екенін мәлімдеді. 10 наурызда Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамын ұстап тұру үшін базалық ставканы 9,25-тен 12%-ке дейін өсірді.

Сәрсенбі, 11 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан қор биржасының таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы 394,41 теңге болып тұр. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының ақша айырбастау орындарында доллар шамамен 393-396 теңгеге сатылып жатыр.

Жаңалықтар
0