Әлем

Қаны сирек кездеседі: қазақ жігіті қытайларға қалай көмектесіп жүр

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуРабота Центра переливания крови
Работа Центра переливания крови - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Руслан Төленов 2009 жылдан бері Қытайда тұрады. Ол сол кезден бастап алты мың миллилитрден аса қан тапсырған

АЛМАТЫ, 10 наурыз – Sputnik. Сирек кездесетін қан тобындағы қазақстандық Руслан Төленов Қытайда науқастарға донор болды. Қытайда коронавирустың тарауына байланысты қан тапсырғысы келетіндер саны күрт азайды. Әсіресе, теріс резус-факторды табу қиынға соғып отыр, деп жазады China Daily.

Руслан Төленов секілді теріс резус-факторлы қан тобы бар адамдарды Қытайда "панда қаны" деп атайды. Олар әмбебеп донор болып саналады, себебі олардың қаны барлық адамға жарайды.

Ақпанның соңында 28 жастағы ер адам Хайнань аралы Хайнань округінде 400 миллилитр қан тапсырды. Ол 2009 жылдан бері Қытайда тұрады. Басында оқуға келіп, сонда тұрақтап қалған. Осы жылдар ішінде Руслан алты мың миллилитрден аса қан тапсырды.

"Мен үшін басқаларға көмектесу өте маңызды. Қажет болған жағдайда көмектесуге әрдайым дайынмын. Қанша көмек көрсеткенімді білмеймін, оған мән бермеймін. Қанымның басқа адамдарға көмектесетініне қуанамын", - деді бір жылдың ішінде екі рет қан тапсырған Төленов.

2013 жылы Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға келген кезде қазақстандық жігіттің игі ісі жайлы айтқан болатын.

2018 жылы Төленов Бейжің ғылыми-техникалық университетінде магистратураны тәмамдады. Қазір халықаралық экономикалық даму бюросында жұмыс істейді.

"Хайнань – менің екінші үйім. Осында өз махаббатымды кездестірдім, өмірден ләззат аламын, көп дүние үйрендім. Жергілікті тұрғындардың мәдениеті мен қонақжайлылығына тәнті болдым. Мен оларға ризамын, енді соны қайтаратын уақыт келді", - деді ол.

Қазақ дәрігер Уханьда "Қара жорға" биледі

Бұған дейін Sputnik Қазақстан этникалық қазақ Бахаргүл Будаштың Ухань ауруханасында би билеп, коронавирустан емделіп жатқан науқастарға мерекелік көңіл-күй сыйлағанын жазды.

35 жастағы қандасымыз сегіз жылдан астам хирург болып жұмыс істейді. Қазір ол Ухань қаласының Фар Цан ауруханасында. Ол коронавируспен күресетін Қытай мамандарының тізімінде бар.

Коронавирустың өршуі

2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухань қаласында белгісіз пневмонияның өршуі туралы хабарлады.

Мамандар аурудың жаңа коронавирус екенін анықтады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індетті халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп таныды. Сондай-ақ, ауруға COVID-19 деген ресми атау берді.

Джон Хопкинс институтының мәліметінше, әлем бойынша 114 219 адам коронавирус жұқтырған, 4 024 адам қайтыс болды. 64 147 адам аурудан айықты.

Жаңалықтар
0