Қоғам

Министр өзінің зейнетақысына алаңдайтынын жасырмады

© Sputnik / Владислав ВодневРуслан Даленов
Руслан Даленов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкіметте қазақстандықтардың зейнетақы жинағын шетелдік валютаға аудару туралы ұсыныс айтылды. Алайда министр бұдан қанша пайда түсетінін есептеу қиын екенін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов кез келген адам өзінің зейнетақысына алаңдайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Журналистер министрден "зейнетақы қорындағы ақшаңызға алаңдайсыз ба?" деп сұрады.

"Кез келген адам өзінің зейнетақы жинағына алаңдайды", - деп қысқа қайырды Дәленов үкімет кулуарында.

Сонымен қатар, үкіметте қазақстандықтардың зейнетақы жинағын шетелдік валютаға аудару туралы ұсыныс айтылды.

"Бұл ұзақ талқылауды, нақты есептеулерді қажет ететін мәселе. Бір нәрсені ғана айтайын: адам зейнетке шыққан кезде, мемлекеттің кепілін алады. Жылдар бойы жиналған инфляция мемлекет тарапынан өтеледі. Қазіргі қолданыстағы механизм азаматтарымызды қорғайды деп санаймын", - деп жауап берді министр бұл ұсынысқа.

Дәленовтің айтуынша, қазір қазақстандықтардың зейнетақы жинағын шетелдік қорға аударудан қанша пайда түсетінін есептеу қиын.

"Бұл пікір таластыратын мәселе. Зейнетақы жинағын қайда салу керек деген де мәселе туындайды. Сондықтан мұны кешенді талқылау қажет. Жеке адам тұрғысынан емес, қоғамға пайдасы жағынан қарастыру керек", - деді министр.

Айта кетсек, 9 наурызда Қазақстанда доллар тағы қымбаттады. Ірі қалалардағы айырбастау пунктерінде доллар бағамы 397 теңгеге дейін өсті. Ал сейсенбі күні валюта айырбастау пунктерінде доллар 390-395 теңгеден сатылып жатыр.  Десек те, Ұлттық банктің ресми бағамы таңертең 382,05 теңгеге тең болды.

Жаңалықтар
0