11 наурызға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
11.00 - Сенаттың конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы (Қазақстан парламентінің сенаты, 701 кабинет. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 72 39).
19.00 – "Севильдік шаштараз" комедиялық операсы (Астана опера театры, Қонаев көшесі, 1).
АЛМАТЫ
10.30 – "Темірлан Ерлановтың заңсыз сотталғаны туралы Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу" тақырыбында баспасөз конференциясы. Спикерлер: заңгер, ҰҚСК мүшесі Айман Омарова, анасы және адвокат Анар Құсайынова, блогер, маркетолог Расул Абдуллаев (Қазақстан баспасөз клубы, "Самал" шағын ауданы, 2. akparat@pressclub.kz электронды мекен-жайы немесе +7 747 262 20 63 телефоны бойынша аккредитация жасалады).
14.00 – "Адвокаттық қызметтің тәуелсіздігі және азаматтардың қауіпті жағдайда білікті заңгерлік көмек алу құқығы" тақырыбында баспасөз конференциясы. Баспасөз конференциясын Алматы қалалық адвокаттар алқасы ұйымдастырып отыр. Ұйымдастырушылар Қазақстан парламенті мәжілісінің кейбір депутаттары ұсынған "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының заңына түзетулер жобасының азаматтардың білікті заң көмегін алу құқығын шектеуі мүмкін екендігі туралы мәлімдеме жасайды (Қазақстан баспасөз клубы, Самал шағын ауданы, 2. Аккредитация akparat@pressclub.kz электронды поштасы немесе +7 747 262 20 63 телефоны арқылы жасалады).
12 наурызға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
19.00 - Симфониялық музыка концерті. Дирижер Рикардо Казеро (Испания). ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).
19.00 – "Алыстағы сүйіктіме" концерті (Астана опера театры, Қонаев көшесі, 1).
20.00 – Metallica Show S&M Tribute симфониялық оркестрмен Metallica S&M Show – рок музыкасы мен симфониялық оркестрді біріктіретін әлемдік шоу. Әлемдік тур Мексика, Чили, Франция, Германия, Чехия, Литва, Латвия, Беларусь, Ресей және басқа елдерді қамтиды. (Қазмедиа орталығы, Қонаев көшесі, 4).
АЛМАТЫ
09.00 – "IDC Future Work Work Forum 2020" – "Болашақ жұмыстар" халықаралық форумы. Форумда зияткерлік технологияларды қолдана отырып штат санын көбейту; ең үздік машиналар дәуірінде жақсы адам болу: қайта даярлау және біліктілікті арттыру; қазір қызметкерлерге нені оқыту маңызды; ақылды кеңсе секілді бірқатар өзекті мәселе талқыланады ("Ритц-Карлтон Алматы" отелі, "Есентай Тауэр" бизнес орталығы. Байланыс телефоны: +7 707 6785656).
11.00 - "ZooСад 2020" халықаралық көрмесі. Көрмеде жем-шөп пен тәттілер; ветеринарлық препараттар мен тағы басқа қызметтер ұсынылады. 13 наурызда көрме сағат 09.45-тен 15.00-ге дейін жұмыс істейді; 14 наурыз –13.00-14.00. (Grand Park СОК, Қабдолов көшесі, 1).
14 наурызға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
17.00 - Қазақстан Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының "Сиқырлы таяқшаның күші" концерті (Республика даңғылы, 2. Байланыс телефоны +7 (776) 153 79 78).
18.00 – "Жизель" балеті ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).
19.00 – "Арфа аңыздары" концерт-арфотерапиясы (Nomad City Hall, Мәңгілік Ел даңғылы, В2.3).
АЛМАТЫ
"Весенний Алмакот 2020" халықаралық мысықтар көрмесі (Forum сауда және ойын-сауық орталығы, Сейфуллин даңғылы, 617. Байланыс телефоны: +7 701 783 56 05).
15 наурызға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
09.00 - Astana Science Festival 2020. Оны жастар арасында ғылымды дәріптеу үшін Chevron Kazakhstan қолдауымен Британ кеңесі, OYLA журналы, Назарбаев Университеті және Ғылым қоры өткізеді. Фестиваль Science Stars (орыс және қазақ тілдерінде) және FameLab Kazakhstan (ағылшын тілінде) ғылыми коммуникациялар сайыстарының ұлттық финалына қатысатын 10 оқушы мен 10 жас ғалымның үш минуттық презентацияларынан басталады. Жоғары сынып оқушылары мен университет студенттері 3D-баспаны күнделікті өмірде қолдану, құстарды бақылау, экологиялық қауіпсіз әдеттерге дағдылану, климаттың өзгеруі туралы жаңалықтарды оқу, Nature мен OYLA журналына мақалалар жазу және 2020 жылы және одан кейінгі кезеңдерде ғарышты игеру туралы дәрістерге қатыса алады. Көрме-жәрмеңкеде орта және бастауыш сынып оқушылары слайм жасау, роботтар құрастыру, Алексей Иванченкомен ғылыми тәжірибелер жүргізу, Менделеев кестесінің 150 жылдығын атап өту және Назарбаев Университетінде жасалған соңғы инновациялармен танысу арқылы "ғылымға жақындай алады" (Назарбаев Университеті. Байланыс телефоны: +7 (727) 222 13 20).
18.00 - "Көктем әуенімен үндескен" концерті. Айнұр Камалова (арфа), Зынхар Ахметбек (скрипка), Наталья Керносова (фортепиано), Ислам Әлиев (гобой), Балнұр Құдайберген, Айжан Ермұханова, Талшын Кешілбаева (скрипка), Олеся Морозова, Саид Мамиев (альт), Нұрисламбек Жұматов, Мағжан Сағади (виолончель). Жетекші – Ақерке Әли. ("Астана Опера" театры).
16 наурызға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
10.00 - Корей мәдениеті күндері аясында "DMZ: қарусыздандырылған аймақ" фотокөрмесінің ашылуы. Көрмеде 24 фотожұмыс ұсынылады. Көрме 2 мамырға дейін жұмыс істейді. (Корей мәдениет орталығы, Иманов 13 көшесі).
19 наурызға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
19.00 - Композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған "Шәмші әлемі" концерт-қойылымы. Жоба авторы - композитордың ұлы Мұхтар Қалдаяқов - Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері, "Болашақ" бағдарламасының түлегі (Juilliard school, Нью-Йорк, АҚШ). Барлық ән "Астана" эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен жанды дауыста шырқалады. Қойылымның режиссері – Димаш Құдайбергеннің Кремльдегі шоуын және басқа да фестивальдер мен концерттерді қойған Андрей Еремин (Украина). ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1).
21 наурызға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
18.00 – "Ұлы дала мұрасы" концерттік бағдарламасы ("Астана балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).
25 наурызға жоспарланған шаралар
АЛМАТЫ
18.00 - Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен Ербол Байырбековтің "Сен маған сүюді үйреттің" атты шығармашылық кеші ("Алатау" концерт залы, Алғабас-1 шағын ауданы).
29 наурызға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
19.00 – "Астана сазы" этно-фольклорлық ансамблінің "Әз-Наурыз келгенде" концерті ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1).
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.