АЛМАТЫ, 10 наурыз – Sputnik. Наурыз айына жоспарланған Астана процесі аясындағы Сирия бойынша кездесудің XIV раунды өтпеуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді хабарлады.
"Әзірге (келіссөз өтетін күн жайлы) ешқандай ақпарат жоқ. Наурызда өткіземіз деген жоспар болды. Алайда қазір жағдай өзгерді. Өтпеуі де мүмкін", - деді ол.
Бұған дейін коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты наурызға жоспарланған келіссөздер өтпеуі мүмкін деп хабарланған болатын.
Астана процесінің кепілгері – Ресей, Түркия және Иран. Астана процесі бойынша кейінгі кездесуі 2017 жылы 4-5 шілдеде өткен болатын.
Тағы оқыңыз: Қытай ғалымдары коронавирусқа қатысты күтпеген мәлімдеме жасады
Сондай-ақ, 5 наурыздан батсап Иран азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынды.