НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз — Sputnik. Алматы облысында жеті жасар қызды ұрлап, зорлады.
inAlmaty.kz ақпаратына сәйкес, оқушы 7 наурыз күні кешке жоғалған. Талдыбұлақ ауылының тұрғыны 2012 жылы туған баланың жоғалғаны туралы хабар берді. Полицейлер жедел-іздеу шарасына кірісті. Қыз жертөледен табылды.
"Ауылдағы ғимараттың жертөлесінде із-түссіз жоғалған бала табылды. 1990 жылы туған күдікті де сол жерде ұсталды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігіне сәйкес (кәмелетке толмаған адамды зорлау) іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, тиісті сараптама тағайындалды.
Тағы оқыңыз: Үйге қайтып келе жатқанда ұрсысып қалған ерлі-зайыпты өз қызына қиянат жасады
"НеМолчиKZ" қоғамдық қозғалысының ақпараты бойынша Қазақстанда 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында әйелдерге қатысты 799 зорлық фактісі тіркелген. 2018 жылы қылмыстық кодекстің 120,121-ші баптары бойынша 1 322 арыз түсті. Оның 231-і бала. Бұл арыздардың тек 454-і ғана сотқа жіберілді.