Әлем

Танымал әртістің неге "жындыханадан" бір-ақ шыққаны белгілі болды

© Sputnik / Абзал КалиевБольница
Больница - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірнеше күн бұрын ол әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шығып, оқырмандарына тіл тигізген. Жұрт әртіс ішімдікті мөлшерден тыс ішті деп болжады

НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз — Sputnik. Ресейлік рэп орындаушы Денис Устименко-Вайнштейн (Джиган) АҚШ-тағы ішімдік пен есірткіге тәуелділерге арналған оңалту орталығына жеткізілді.

View this post on Instagram

A post shared by Денис Джиган (@iamgeeegun) on

Бірнеше күн бұрын ол әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шығып, оқырмандарына тіл тигізген. Жұрт орындаушы ішімдікті мөлшерден тыс ішті деп болжады.

Ал 8 наурыз күні Джиган тағы тікелей эфирге шығып, "жындыханада" екенін айтқан. Әртіс қасын алып тастаған. 

Рэп орындаушының үш қызы мен бір ұлы бар. Ол осыдан 1 ай бұрын ғана дүниеге келген.

Болған оқиғадан кейін әртістің әйелі: "Бұл әлемде оянғым келмейді" деген жазба қалдырды.

Жаңалықтар
0