НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз – Sputnik. Аса жеңіл салмақтағы UFC чемпиондық белбеуінің иегері Вэйли Чжан польшалық Йоанна Енджейчикпен жекпе-жек өткізіп, титулын қорғады.
Жекпе-жек кезінде Чжан қарсыласының бетіне бірнеше рет жойқын соққы жасады. Салдарынан польшалық спортшының бет-аузы қанталап қалды, деп хабарлайды Lenta.ru.
Twitter қолданушылары Енджейчиктің түрін көріп шошыды. Олар қытайлық спортшы қарсыласының сау-тамтығын қалдырмағанын жазған. Көптеген қолданушылар бұл жекпе-жекке UFC тарихындағы үздік кездесулерді бірі деп бағалады.
Тағы оқыңыз: Бірде-бір рет жеңілмеген қазақ боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді: видео желіде жарияланды
Чжан өзінің титулын алғаш рет қорғап отыр. Ол 21 рет жеңіске жетіп, бір рет жеңілген. Енджейчик 18 рет жеңіп, 4 рет ұтылған.