Видео

Қырғызстанда милиция 100-ге жуық адамды не үшін ұстады - видео

Жазылу
Халықаралық әйелдер күнінде феминист қауымдастығы өкілдерінің шеруі тоқтатылды. Қатысушыларға алдымен белгісіз біреулер тосқауыл қойса, кейін милиция ұстай бастады

Sputnik Қырғызстан тілшілері Бішкекте болған оқиғаны видеоға түсіріп алды.

Акция сағат он екі кезінде басталуы тиіс еді. Алайда дәл сол кезде Жеңіс алаңына 30 адам келіп, қатысушыларға кедергі жасады. Екі топ арасында жанжал шығып, оқиға орнына полицейлер жетті. 

Олар алаңдағы адамдардың бәрін ұстап, арнайы автобусқа отырғызған. Барлығы жүзге жуық адамды ұсталды.

Тағы оқыңыз: Жүздеген милиция қызметкері жеткізілді - Қырғызстанда не болып жатыр?

Бұған дейін Қырғызстанда 2 наурыз күні бұрынғы депутат Садыр Жапаровтың жақтастары митинг ұйымдастырған болатын. Бішкектің Свердловск аудандық әкімшілігі наразылық акциялары мен өзге бұқаралық жиындарға тыйым салу туралы сотқа құжат жолдады. Алайда 6 наурыз күні оны қайтарып алды.

Жаңалықтар
0