Әлем

Жас қыздың ұсынысы Путинді абдыратып тастады

© Sputnik / Михаил Климентьев / Медиабанкке өтуПрезидент РФ Владимир Путин на большой ежегодной пресс-конференции 2019
Президент РФ Владимир Путин на большой ежегодной пресс-конференции 2019 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қызықты оқиға Путиннің Иваново қаласына жасаған жұмыс сапары кезінде болған, президенттің айтуынша, енді ол қыз бүкіл елге танылады

НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Ресейдің Иваново қаласының тұрғыны президент Владимир Путиннен өзіне үйленуді өтінді, деп хабарлайды РИА Новости.

Ресей басшысы Владимир Путин Ивановодағы балалар емханасын аралап, қала тұрғындарымен әңгімелесті. Сол сәтте бір қыз оған "маған үйленіңізші" деп айғайлаған.

Путин абдырап қалды. Ол біртүрлі ұсыныс жасаған қызбен сөйлесіп, кейін қала тұрғыны оған алғысын айтты.

Кейінірек Путин жұртшылық өкілдерімен кездесуінде Ивановоға жұмыс сапары кезінде болған оқиғаны еске алды.

Тағы оқыңыз: Актриса өзіне жасалған біртүрлі ұсыныс туралы айтып берді

"Бос әңгіме айтқым келмейді, бірақ бұдан қашып құтыла алмайсың. Иваново әрдайым қалыңдықтар қаласы аталып келді, бүгін маған да ұсыныс жасады", - деді Ресей президенті.

Путин өзіне ұсыныс жасаған қыз енді бүкіл елге танымал болатынын атап өтті.

Жаңалықтар
0