Қоғам

Министрлік Сеулден Нұр-Сұлтанға келген 178 адам туралы айтты

© Photo : Пресс-служба Международного аэропорта Нурсултан НазарбаевАэропорт Нурсултан Назарбаев в снегу
Аэропорт Нурсултан Назарбаев в снегу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оңтүстік Кореядан келген жолаушылардың бәрі елордадағы медициналық орталықта 14 күн карантинде болады

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз — Sputnik. Сеулден 178 жолаушымен келген ұшақ Нұр-Сұлтанда қонды. Қазақстандықтар екі апта карантинде болады.

"Бүгін 16.00-де астана әуежайына Сеул-Нұр-Сұлтан бағытымен келген ұшақ қонды. Барлығы 178 адам. Олардың 85-і транзиттік жолаушылар. 31 адам - Ресей, 51 адам - Өзбекстан, 3 жолаушы - Грузияға барады. 93 қазақстандық болды, арасында екі бала бар", - деді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Оның айтуынша, келген жолаушылардың бәрі елордадағы көпбейінді медициналық орталықта 14 күн карантинде болады.

"Транзиттік жолаушылар карантинде болмайды. Олар Қазақстан шекарасынан өтпейді. Егер өтетін болса, бірден карантинге жіберіледі. Олар өз рейсін күтіп, үйлеріне аттанады", - деді Ахметшәріп Sputnik Қазақстанға.

Тағы оқыңыз: "Бұл нақты дерек": дәрігерлер Қытайдан Нұр-Сұлтанға келген қызға диагноз қойды

Жұма күні Сеул-Алматы рейсімен келген 100 жолаушы карантинге жіберілген болатын.

Қазақстанға Қытай, Иран және Оңтүстік Кореядан келген жолаушылар екі апталық карантинде болады.

Карантинге алынған адам режимді бұзса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

 

Жаңалықтар
0