Саясат

Нұр-Сұлтанда Медведев пен Тоқаев кездесті

© Sputnik / Тимур БатыршинПредседатель правительства Российской Федерации Дмитрий Медведев
Председатель правительства Российской Федерации Дмитрий Медведев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейдің қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Қазақстандағы саяси процестерге қызығушылығын жеткізді. Ал Қазақстан тарапы Ресей конституциясына өзгертулер енгізу мәселесін назардан тыс қалдырмайтынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз — Sputnik. Ресейдің қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.

Тоқаев Медведевті жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады. Ал Медведев Ресей тарапы Қазақстандағы саяси процестерге қызығушылық танытып, зерттейтінін жеткізді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Біздің елдер дамып жатыр. Сіз бізде болып жатқан конституциялық реформа туралы айттыңыз. Қазақстанда да ауқымды процестер жүріп жатыр. Біз де байқап, зерттеп отырамыз", - деді Медведев.

Ресейдің қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары екі ел достық және серіктестік қарым-қатынаста екенін атап өтті.

"Біз бір-біріміздің дамуымызға көмектесіп қана қоймай, даму жолындағы кезеңдерді зерттеп, бір-бірімізден үйренуіміз керек", - деді Дмитрий Медведев.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ресейдің Коституцияға өзгертулер енгізу үрдісін қызығушылықпен бақылап отырғанын мәлімдеді.

"Ресей дамуының жаңа кезеңіне аяқ басқалы тұр. Коституциялық реформа жүзеге асырылып жатыр. Біз оны мұқият бақылап отырмыз. Біз стратагиялық серіктес болғандықтан, бұл процеске Қазақстан тарапынан қызығушылық жоғары", - деді Тоқаев.

Ресей үкіметінің отставкаға кетуі

15 қаңтар күні Дмитрий Медведев Владимир Путиннің федералдық жиналысқа жасаған жолдауынан кейін үкіметтің толық құрамда отставкаға кететінін мәлімдеген болатын.

Владимир Путин үкімет мүшелеріне бірлескен жұмыс үшін алғыс айтты.

Ресей президенті Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметі енгізілетінін айтты. Ол жаңа қызметке Дмитрий Медведевті тағайындады.

 

Жаңалықтар
0