Қоғам

Коронавирустан кімдер жиі көз жұмады

© AFP 2024 / Wang ZhaoСтатуя в маске в Пекине, Китай
Статуя в маске в Пекине, Китай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соңғы мәліметке сәйкес, әлем бойынша коронавирусқа шалдыққандар саны жүз мың адамға жуық екені хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз — Sputnik. Коронавирустан көз жұмғандардың орташа жасы - 75, минималды жас  - 48 және максималды жас - 89. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Джон Хопкинс университеті мониторингінің соңғы мәліметіне сәйкес, коронавирусқа шалдыққандардың саны әлемде 98 382 адамға жеткен. 3 383 науқас көз жұмды. 55 418 адам дерттен айықты. 

Коронавирусқа шалдыққандардың басым бөлігі Қытайда - 80 552 адам. Оңтүстік Кореяда - 6 284, Италияда - 3 858, Иранда - 3 513.

Diamond Princess круиздік лайнерінде індет жұқтырғандар бөлек есептеледі. Барлығы 696 адам коронавирус жұқтырды, 4 адам қайтыс болды, 40 адам аурудан жазылды.

Өзге елдердегі жағдай: 545 - Германия, 423 - Франция, 360 - Жапония, 282 - Испания, 233 - АҚШ, 119 - Швейцария, 117 - Сингапур, 116 - Ұлыбритания, 105 - Гонконг, 94 - Швеция, 91 - Норвегия, 82 - Нидерланд, 60 - Австралия, 58 - Кувейт, 55 - Бахрейн, 50 - Малайзия, 50 - Бельгия, 47 - Таиланд, 46 - Канада, 44 - Тайвань, 43 - Австрия, 35 - Ирак, 34 - Исландия, 31 - Грекия, 30 - Үндістан, 29 - Біріккен араб әмірліктері, 21 - Сан-Марино, 17 - Алжир, 16 - Оман, 16 - Вьетнам, 16 - Ливан, 16 - Израиль, 13 - Эквадор.

Чехия мен Финляндияда- 12 , Макао, Дания, Хорватияда - 10 , Португалия мен Қатарда - 8, Әзербайжан, Румыния, Ирландия, Беларусь елінде 6 науқастан. 

Тағы оқыңыз: "Шешім қабылдадым": Тоқаев неден бас тарту керек екенін айтты

Сауд Арабиясы, Пәкістан, Мексика - 5 адамнан, Палестина, Жаңа Зеландия, Ресей, Сенегал, Бразилия, Чили, Грузия - 4 адамнан, Сен-Бартельми, Филиппины, Эстония, Мысыр - 3 адам және  Аргентина, Словения, Босния және Герцеговина, Индонезия, Венгрия, Люксембург, Мароккода 2 адамнан коронавирус жұқтырған. 

Литва, Камбоджа, Солтүстік Македония, Монако, Ауғанстан, Армения, Доминикан елі, Украина, Оңтүстік Африка, Лихтенштейн, Фарер аралдары, Коста-Рика, Андорра, Гибралтар, Нигерия, Тунис, Бутан, Непал, Джордан, Польша, Латвия, Шри-Ланкада дертке шалдығудың бір фактісі бар.

Жаңалықтар
0