Саясат

Дмитрий Медведев Қазақстанға не үшін келді   

© Sputnik / Екатерина Штукина / Медиабанкке өтуРабочая поездка заместителя председателя Совета безопасности РФ Дмитрия Медведева в Казахстан
Рабочая поездка заместителя председателя Совета безопасности РФ  Дмитрия Медведева в Казахстан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтандағы ресми кездесулер барысында екіжақты қарым-қатынастар, оның ішінде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланады деп жоспарлануда

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведев Қазақстанның астанасына келді. Мұнда ол ел басшылығымен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастар мәселелерін талқылайды.

6 наурызда Дмитрий Медведев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Қазақстанның тұңғыш президенті, елдің Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі деп жоспарлануда. Сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовпен кездеседі. Бұл туралы РИА Новости РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасы орынбасарының хатшылығына сілтеме жасай отырып хабарлады.

© Sputnik / Екатерина Штукина / Медиабанкке өтуРесей Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведевтің Қазақстанға жұмыс сапары
Дмитрий Медведев Қазақстанға не үшін келді    - Sputnik Қазақстан
Ресей Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведевтің Қазақстанға жұмыс сапары

"Жұмыс кездесулері барысында Медведев Ресей-Қазақстан қатынастарын, оның ішінде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды", - деп атап өтті ведомство.

Оқи отырыңыз: Медведев Дариға Назарбаевамен қалай танысқанын еске түсірді

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының ортасында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин өз жарлығымен елдің Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары лауазымын енгізіп, бұл қызметке бұрынғы премьер-министр Дмитрий Медведевті тағайындады. Бір күн бұрын, 15 қаңтарда Владимир Путин Федеральдық жиналысқа жыл сайынғы жолдауын жасады. Жолдаудан кейін Дмитрий Медведев министрлер кабинеті толықтай отставкаға кеткенін мәлімдеді.  

Жаңалықтар
0