НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Ақтөбедегі "Чайка" балалар сүйек-туберкулез шипажайының қызметкері баланың басынан сүлгімен бірнеше рет ұрған. Оқиғаның видеосы Aktobe_online паблигінде жарияланды.
Видеоның сипаттамасында балалар бұған дейін соққы жығылғанына шағымданып, үйге қайтаруды сұрағаны айтылады.
"Олар тіл алмаған балаларды ілгішпен және тәпішкемен ұратынын айтты", - деп хабарлады паблик.
Кадрдан әйелдің балаға қолын сермеп, басынан сүлгімен ұрып жатқанын көруге болады, содан кейін бала жылап қалған.
Оқи отырыңыз: Балаларды ұрып, сағаттап отырғызып қоятындардың әрекеті әшкереленді – видео
Ақтөбе әкімдігі оқиғаның мән-жайын анықтайтын комиссия құрылғанын жеткізді. Іс облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің бақылауында.
Іс материалдары құқық қорғау органдарына жолданды.
Комиссия іс материалдарын зерделеп болған соң, қол көтерген тәрбиешіні жұмыстан босату туралы шешім шығарады, деп хабарлады әкімдік.