НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Нью-Йорк қаласының соты Мұхтар Әблязовке Алматы әкімдігі мен БТА банкінің адвокаттық қызмет шығындары үшін 140 115,60 АҚШ долларын төлеуді міндеттейтін қосымша санкциялар қолдану туралы шешім қабылдады.
Нью-Йорк сотының шешімі туралы Қазақстанның әділет министрлігі хабарлады.
"2019 жылдың шілдесінде сот арызданушылардың Әбілязовке қатысты сот процесіне қатыспағаны және дәлелделдерді жарияламағаны үшін қосымша санкциялар талап етуін қанағаттандырды. Сонымен қатар, алқабилердің қатысуымен өтетін алдағы сот отырысында Әблязовке өзін ақтау үшін жаңа айғақтар ұсынуға рұқсат бермеуге кеңес берді. Бұл санкция алқабилер соты үшін Әблязов өз кінәсін дәлелдейтін дәйектерді жасырғанын көрсететін нұсқаулық болып табылады", - делінген әділет министрлігінің ресми сайтында.
Сондай-ақ, министрліктің хабарлауынша, сот арызданушылардың адвокаттарға жұмсаған шығын туралы уәждерін ескерген.
"2020 жылдың 7 ақпанында сот Әблязовтен 140 115,6 АҚШ долларын өндіріп алу туралы шешім шығарды", - деді министрліктегілер.
Енді қашқын қашқын банкир бұл ақшаны биылғы жылдың 7 мамырына дейін төлеуі тиіс.
Мұхтар Әблязовке қатысты сот АҚШ-та төрт жыл бұрын басталған болатын. Ол АҚШ аумағында ақша жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Арызданушылар - Алматы қаласының әкімдігі мен БТА банк, олар тиісті дәлелдер жинап, куәгерлер тапқан.
2018 жылдың соңында банкир Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны үшін Әблязов сырттай өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Тағы оқыңыз: Бас прокуратура Мұхтар Әблязовке қатысты мәлімдеме жасады – видео