"Тарихтың соңы": АҚШ Балтық елдерінің тағдырын не үшін еске алды

© РИА Новости / Медиабанкке өтуСевастополь
Севастополь - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Американың ЕҚЫҰ-дағы тұрақты өкілі Джеймс Гилмор өз елінің Қырымға қатысты ұстанымын айтқанда КСРО-ға қосылған Балтық елдерін еске алды, деп жазады колумнист Ирина Алкснис

"Біз "Балтық елдері Кеңес Одағының бір бөлігі болды" деген пікірге ешқашан қосылған емеспіз. Себебі ол елдерді күшпен алды", - деді Гилмор.

Бір қызығы, АҚШ өкілі Техастың тарихын ұмытып қалған сияқты. Соғыс кезінде оны Мексикадан "күшпен алып қойған" жоқ па? Алайда америкалықтардың меңзеп отырғаны басқа. Гилмор айтқан сөздің тағы бір астары бар. Ол "тарих бәрін өз орнына қояды" дегенге келтіріп тұр. Бүгінде Балтық елдерінде тарихи әділеттілік орнаса, болашақта ол Қырымды да айналып өтпейді-міс.

Енді, америкалықтардың әділеттілік туралы түсінігін ашып айтпай-ақ қояйық. Себебі әрбір елдің өз көзқарасы бар. Ал жеке ұстанымда ұлттық мүдде мен державалық менмендік басым болып тұрады. Сосын Вашингтон Фрэнсис Фукуяма жазған "тарихтың соңына" қатты сенетін сияқты. Оған сәйкес, батыс үлгісіндегі либералды демократияның кеңінен таралуы мәдени-әлеуметтік эволюциясының шыңын көрсетсе керек. Соның нәтижесінде үкіметтің соңғы формасы қалыптасады екен. Автордың өзі осы идеядан бас тартса да, АҚШ оған имандай сенетін тәрізді. Өмір Фукуяманың қателескенін көрсетті. Дегенмен, оның ойы әлемдегі ең ықпалды мемлекеттің саяси бағытын айқындап келеді.

Ресей АҚШ-тың виза бермеуіне байланысты БҰҰ-ның төрелігін сұрады

АҚШ-қа Фукуяманың идеясы майдай жағады. Себебі қырғи-қабақ соғысындағы Батыстың жеңісі екі маңызды мәселені шешкендей болды.  Біріншіден, барша әлемге ортақ саяси-экономикалық және моральдық "әділдіктің" туы – либералды демократия биіктей түсті. Ал оның иесі – Батыс. Екіншіден, экономикалық сала болсын, әскери сала болсын, барлық жерде АҚШ-тың үстемдігі орнады. Осылайша, бәсекелестігі жоқ тыныш дәуір орнады. Америка осы иллюзияға беріліп, бұндай өмір мәңгі жалғаса береді деп ойлады.

Флаги стран-участниц Организации Объединенных Наций - Sputnik Қазақстан
Саясат
Ресей АҚШ-тың виза бермеуіне байланысты БҰҰ-ның төрелігін сұрады
Американың гегемониясы ширек ғасырға жалғасты. Бұл – әжептәуір уақыт. Осы уақыттың ішінде мемлекеттік басқару аппараты жаңарды, жаңа ұрпақ келді. Бірақ олар да бұрынғы тәртіпті норма деп санайды. Одан аттаса, заңды бұзғандай болады, өздерін ыңғайсыз сезінеді. Олар жаңа жағдайға қарамай, ыңғайлы шеңберден шықпауға тырысады.

Сөйтіп, заман өзгерсе де, өздерін ескі формаларға салып келеді. Ал батыстың кейбір саясаткерлері мен ресми тұлғалары әлі күнге дейін қырғи-қабақ соғысты еске алып, қазіргі Ресейдің тым еркінсіп кеткеніне наразылық білдіріп жатады. Ал Ресейдің өзі осы психологиядан шыға білді. Басқаша ойлап, өзгеше әрекет етеді. Сонымен кейбіреулердің қытығына тиеді.

Енді, Балтық елдеріне оралсақ, олар Кеңес Одағының құрамында жарты ғасыр болды. АҚШ-тың пікірі сол кездегі жағдайға әсер еткен жоқ қой. Ал 1990 жылы КСРО ыдырағаннан кейін Батыс біраз бонус жинап алды.

Ресей болса, қырғи-қабақ соғыстан сабақ алды. Оның негізгі мәні мынада, тарихтан сабақ ала білу керек. Алайда болашаққа бағдарды жоғалтпау қажет. Атақ-даңқа бөленіп, табысқа масаттануға болмайды. Америка тарих тілінің өзіне қарай қашан бұрылатынын күтсе де болады. Бәлкім, олардың қалауымен әлемдік тәртіп те орнайтын шығар. Соның ішінде Қырымның тағдыры да бар. Алайда оған дейін ұзақ уақыт күтуге тура келеді.

Жаңалықтар
0