Әлем

Қазақстан елшісі мен ММУ ректоры ынтымақтастық мәселелерін талқылады

© Photo : сайт посольства Казахстана в РФВ стенах МГУ обсудили вопросы сотрудничества Казахстана и России в сфере образования
В стенах МГУ обсудили вопросы сотрудничества Казахстана и России в сфере образования - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тараптар бірқатар бірлескен жоба, ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері туралы сөз қозғады 

НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Ермек Көшербаев Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничиймен кездесті.

Тараптар бірқатар бірлескен жоба, ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері туралы сөз қозғады, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Назарбаев қорғаныс министрі мен Ресейдегі елшіні қабылдады

Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалында 20 жыл ішінде мыңнан астам жоғары білікті мамандар дайындалды. Қазіргі уақытта филиалда студенттер "Математика", "Қолданбалы математика және информатика", "Филология", "Экология және табиғатты пайдалану", "Экономика" факультеттерінде бакалавриат және магистратура бағдарламаларында оқиды.

"Екі елдің университеттері арасындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту мақсатында жыл сайын Қазақстан мен Ресей ректорларының форумын өткізу туралы ұсыныс жасалды", - делінген хабарламада.

Кездесу барысында Ермек Көшербаев Виктор Садовничийді осы жылы аталып өтетін ММУ-дің 265 жылдығымен құттықтады.

Жаңалықтар
0