Қоғам

Алматыда Қасым Бегалин қайтыс болды

© Sputnik / Абзал КалиевГвоздики
Гвоздики - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қасым Бегалин – Қазақстанның танымал режисері Мәжит Бегалин жайлы жазылған "Мэтр" кітабының авторы

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Қазақстан кинематографистері одағының мүшесі, еңбек ері және тыл ардагері Қасым Бегалин 84 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Ол қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы дарынды қаламгер Сапарғали Бегалиннің ұлы әрі елге танымал режисер Мәжит Бегалиннің інісі.

Қасым Бегалин 1936 жылы 24 сәуірде Алматыда дүниеге келген. Ол кинематографиялық технологиялармен айналысты. Сондай-ақ, ағасы Мәжит Бегалиннің жұмысын кеңінен насихаттау үшін көп жұмыс атқарған. Ол туралы белгілі қазақстандық және ресейлік режиссерлердің естеліктер жинағы – "Мэтр" кітабын шығарды.

Кейіннен бұл кітап "Когда душа не может молчать" деген толықтырулармен қайта басылып шыққан.

Сонымен қатар, Қасым Бегалин жылдар бойы ағасы туралы отбасылық мұрағат жинап, оны Алматыдағы мемлекеттік мұрағатқа тапсырды.

Марқұмның жаназасы 4 наурыз, сәрсенбі күні Алматы қаласында шығарылады.

Жаңалықтар
0