Қоғам

Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

© Sputnik / Абзал КалиевПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на заседании Национального совета общественного доверия
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на заседании Национального совета общественного доверия - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақ жұрты қиын-қыстау кезеңде амалсыз қоныс аударған миллиондаған адамның құтты мекеніне айналды, деп атап өтті президент

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады.

"Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасы белгілеген бұл мейрам – өзара құрмет пен сенімнің, мейірім мен ізгіліктің мерекесі. Қазақ жұрты қиын-қыстау кезеңде амалсыз қоныс аударған миллиондаған адамның құтты мекеніне айналды. Олардың өздері де, ұрпақтары да жерімізден пана тауып, өсіп-өніп, Қазақстанның дамуына зор үлес қосты", - деді Тоқаев.

Президенттің атап өтуінше, бұл күні елді өркендететін тату тіршілік пен жарасымды сыйластық жолындағы ниетіміздің тоғысқаны үшін бір-бірімізге алғыс айтамыз.

"Тәуелсіздік кезеңіндегі табыстарға береке-бірліктің арқасында ғана қол жеткіздік. Бұл – егемен еліміздің баға жетпес байлығы. Сондықтан бұл қастерлі құндылықтар әрдайым айнымас темірқазығымыз болып қала береді. Ішкі саяси тұрақтылық – әрбір қазақстандықтың зор жауапкершілік пен белсенділік танытуының нәтижесі", - деді мемлекет басшысы.

Тоқаев еліміздің барлық азаматына Қазақстанды дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін шынайы ризашылығын білдіріп, әр отбасына амандық пен игілік тіледі.

Алғыс айту күні

Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылы атап өтті. 14 қаңтарда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады. Биыл бұл мейрам елімізде бесінші рет тойланып жатыр.

Жаңалықтар
0