Аңдатпа

Қазақстанда 2 наурызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды Нур-Султана, город сверху
Виды Нур-Султана, город сверху - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 2 наурызда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 3-7 наурыз аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

2 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 - үкімет отырысы. Күн тәртібінде - Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шаралары; сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы (Үкімет үйі. БАҚ өкілдерін аккредитациялау және басқа да сұрақтар бойынша +7 (7172) 74-58-64, 75 00 10 телефон нөмірлеріне хабарласуға немесе press.kpm@mail.ru электронды адресіне жазуға болады).

4 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 – "Василий Поленов и художники его круга" көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді (Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы, Кенесары көшесі, 39. Байланыс телефоны: +7 701 054 7177).

6 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

14.00 - Қазақстан - Нидерланды арасында Дэвис кубогінің іріктеу матчы өткізіледі. Дэвис кубогі – ғасырлық тарихы бар ерлер теннисінен ең ірі халықаралық командалық жарыс. Қазақстанның ерлер командасы Чехия (2011), Австрия (2013), Бельгия (2014), Италия (2015), Швейцария (2018) сынды беделді командаларды жеңіп, турнирдің ширек финалына бірнеше рет шықты. 2019 жылы Португалия құрамасын жеңгеннен кейін біздің команда 18-24 қарашада Мадридте жаңа форматта өткен Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне жетті. Испания астанасында Қазақстан құрамасы алғашқы ойын күнінде Нидерланды құрамасын 2:1 есебімен жеңді, бірақ ақтық кезеңге шыға алмады. Ұлыбританиядан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. 6 және 7 наурыз күні Нұр-Сұлтанда өтетін іріктеу матчтарында Қазақстан құрамасы Нидерланды құрамасымен тағы да кездеседі. Бұл Дэвис кубогінің финалына шығу үшін жақсы мүмкіндік ("Дәулет" СК, Тұран даңғылы, 4/2. Байланыс телефондары: +7 (702) 947 80 53, +7 (776) 153 79 78).

19.30 – "Астана Балет" астаналық театры жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-балет сахналанады ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

7 наурызға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

10.00 – Пан-кавказдық жастар оркестріне қатысу үшін Қазақстанның талантты жас музыканттары конкурстық тыңдау және іріктеуден өтеді. Қазақстаннан басқа Грузия, Армения, Әзербайжан, Украина және Түркияның жас музыканттары арасында тыңдау өткізіледі. Көрмеге 18-28 жас аралығындағы симфониялық оркестрдің барлық аспабында өнер көрсететін жас музыканттар қатыса алады. Тыңдауға өтініштер 6 наурызға дейін фестиваль сайтында қабылданады (Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория. Байланыс телефоны: +7 (995) 32 22535 81/82/83, e-mail: info@tsinandalifestival.ge).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0