Әлем

Президенттен көмек сұраған баланың әжесі болған жағдайды түсіндірді

© Sputnik / Владислав Воднев Ребенок с игрушкой, архивное фото
 Ребенок с игрушкой, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баланың ата-анасы бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. 70 жастан асқан әжесі өз қамқорлығына алған. Кейін бала мектепке бармай қойды

НҰР-СҰЛТАН, 29 ақпан – Sputnik. Ресей астанасындағы балалар үйіндегі баланың тағдыры бірнеше тәуліктен бері бұқаралық ақпарат құралдарында қызу талқыланып жатыр. Ол Владимир Путинмен кездесуде жақындарына баруға көмектесуді сұраған болатын.

Баланың ата-анасы бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. 70 жастан асқан әжесі өз қамқорлығына алған. Кейін бала мектепке бармай қойды. Тиісті тесттерді тапсырмаған. Өткен жылдың  қазан айында сот шешімімен әжесі асырап алған ата-ана міндетін атқарудан шеттетілді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Маған немерем президентке шағымданғанын айтты. Ол: Миша, мен саған көмектесемін" деп айтты", - дейді баланың әжесі.

13 жастағы бала оралатын екі бөлмелі пәтерде орын жеткілікті. Оның бөлмесінде музыкалық аспаптары әлі тұр. Бала музыкалық мектепке барған. 

Тағы оқыңыз: "Шашымды тақырлап алып тастаймын, егер..." Жұрт Тоқаевқа не жазып жатыр?

Әжесі немересінде оқуда біраз қиындық болғанын мойындап отыр. Алайда қазір үлгерімі жақсы дейді. Үйде болғанда жақсы киініп, ұқыпты жүргенін айтады. Ал қазір немересінің шашы мен киген киімін көріп ұялғанын айтып отыр. 

Енді ол Ресейдегі балалар омбудсменіне хат жазып, жағдайды жан-жақты түсіндіруді көздеп отыр.

Жаңалықтар
0