НҰР-СҰЛТАН, 29 ақпан – Sputnik. Ресейдің Рязань қаласындағы концертте әнші Татьяна Буланова өнер көрсеткен кезде жаппай төбелес болды, деп хабарлайды РИА Новости.
"Легенды 80-х и 90-х" деп аталатын концертке әнші арнайы қонақ ретінде қатысқан. Буланова ән шырқай бастаған кезде екі әйел сөзге келіп қалып, бір-біріне жұдырық ала жүгірді. Кейін жаппай төбелес болып кетті.
Әнші төбелес туралы жаңалықтардан ғана білгенін айтып отыр.
"Көрермендерде бір нәрсе болып жатқанын естідім. Айтарлықтай еш нәрсе болған жоқ сияқты. Мен ән айтуды тоқтатқан жоқпын", - деді Буланова.