НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан — Sputnik. Мемлекет басшысы елде коронавирустың таралуына жол бермеу үшін тиісті шараларды жүзеге асыруды тапсырды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазған.
"Коронавирустың бүкіл әлемге таралуы аса қауіпті. Үкіметке азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық нысандардың қызметіне нұқсан келмейтіндей жан-жақты шаралар қабылдау тапсырылды", -деп жазды президент.
Жуырда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елде коронавирустың алдын алу шараларының қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы мемлекет басшысына есеп берген болатын.
Министр елге коронавирустың келуі мүмкін екенін жасырмады. Ол тұрғындарды дүрбелеңге жол бермеуге шақырып отыр.
Тағы оқыңыз: "Өзіміз де аң-таң болдық": туристік фирмалар ұмраны уақытша тоқтату туралы айтты
Қазақстан коронавирус жетпеген 120 мемлекеттің қатарында. Елде ведомствоаралық комиссия құрылды. Оның күнделікті отырысына әкімдіктен бастап қорғаныс министрлігі өкілдеріне дейін қатысады.
Тоқаев маңызды мәселені көтерді
08:26 28.02.2020 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022)
© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өту Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на форуме межрегионального сотрудничества России и Казахстана в Омске
© Sputnik / Алексей Никольский
/ Жазылу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тұрғындардың денсаулығын сақтауға қатысты шаралар қолдануды тапсырды