Әлем

Әзербайжанда бір адам коронавирус жұқтырды

© AP Photo / Vincent ThianҚорғаныш маскасын киген қыз
Қорғаныш маскасын киген қыз  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін Әзербайжанның жиырма үш азаматы карантинге жабылған еді, олар таяуда ғана Ираннан оралған

НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Қытайдан тараған коронавирус Әзербайжанға да жетті, бұл елде бір адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды РИА Новости республиканың министрлер кабинетіне сілтеме жасап.  

Әзербайжанда коронавирус күдігімен 23 адам карантинге жабылған болатын.

Олар Иранға барып келген азаматтар, жақында бұл елде вирус тіркелген еді.

Барлығы Джалилабад орталық ауруханасына жатқызылды.

Алғашқы тексеріс кезінде екі адамның қызуы көтерілгені анықталды.

Ирандағы коронавирус

Иранда бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 100 адамға артып, 388-ге жетті. 34 адам дерттен көз жұмды, деп хабарлады Иран денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпур.

Тағы оқыңыз: Коронавирус Беларусь еліне жетті

Бұдан кейін де вирустың таралуы жалғасады деп болжанып отыр.

Жаңалықтар
0