Өңірлер

Түркістан облысының тұрғыны өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды

© Sputnik / Владислав ВодневПьяный водитель за рулем, иллюстративное фото
Пьяный водитель за рулем, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізуші жеңіл дәрежеде мас болғаны, сондай-ақ 2018 жылдың сәуір айында үш жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды  

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Түркістан облысының тұрғыны мас күйінде көлік жүргізгені үшін өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды.

2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап елімізде рөлге мас күйінде отырған жүргізушілерге арналған жазаны күшейтетін заң күшіне енді. Мәселен, Түлкібас аудандық сотында заң күшіне енгеннен кейін алғаш рет қылмыстық іс қаралды. Жергілікті тұрғын мас күйінде көлік тізгіндегені үшін ұсталып, жуапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

2020 жылдың 18 қаңтарында Түлкібас ауданының тұрғыны мас күйінде өзінің Daewoo маркалы автокөлігінің рөліне отырған. Түлкібас аудандық полиция бөлімшесінің полиция қызметкерлері аталған автокөліктің иесін Рысқұлов ауылы көшелерінің бірінде ұстады. Жүргізуші жеңіл дәрежеде мас болғандығы анықталды. Сонымен қатар, бұрын 2018 жылдың сәуір айында азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы бойынша үш жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған.

Оқи отырыңыз: Ішімдік ішпеген, ереже бұзбаған адамдар да жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін

Аталған факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 346-бабы "Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамды көлік құралын жүргізуге жіберу" бойынша тіркелді.

Азамат өз әрекетін толық мойындады. Нәтижесінде сот азаматты көлікті мас күйінде және жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны үшін  бір жыл алты ай бас бостандығынан шектеп, өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айырды.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Мас күйінде рөлге отыру әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеліп қоймай, ең алдымен жүргізушінің және жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өміріне қауіп төндіреді.  

Жаңалықтар
0