Елорда тынысы

"Қоршаудан секірді": астаналық оқушылардың ата-анасы мектептегі жағдайды көрсетті

© Sputnik / Тимур БатыршинПоселок Заря Востока
Поселок Заря Востока - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мектептің маңын су басқан. Оқушылар мектептен жіңішке қарағайды басып шыққан. Енді біріне қоршаудан секіруге тура келді

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан — Sputnik. Елордадағы 69-мектеп оқушыларының ата-анасы ғимарат маңындағы шалшықтың тазаланбағанына наразы. Оқушылар мектептен жіңішке қарағайды басып шыққан. Енді біріне қоршаудан секіруге тура келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сәрсенбі, 26 ақпан күні астанада жаңбыр жауды. Қалада жүру қиындап кетті. Шығыс Ильинкадағы (Қараөткел елдімекені) 69-мектеп оқушылары, тіпті, мектептен шыға алмады.

"Кеше 69-мектеп маңында шалшық болды. Балалар қарағайды басып, мектептен шықты. Шығаберісте кезек болды. Кезекте тұрғысы келмегендер қоршаудан секіріп өтті. Кейбір балалар құлады. Өйткені шалшықтан бөлек, көктайғақ болды", - деді оқушының анасы Эльмира Қасымова Sputnik Қазақстан.

Видео Facebook-тегі "Астана, хочу похвалить/пожаловаться" тобында жарияланды.

Тағы оқыңыз: Полицейлер елорда тұрғындарын жолда барынша сақ болуға шақырды

Бейсенбі, 27 ақпан күні астанада жаңбыр басылып, боран мен көктайғақ болды.

Қалада дабылды ескерту жарияланрды. Ұшақ рейстері тоқтатылды. Барлық жолдар жабылды.


Жаңалықтар
0