Экономика

Қазақстан мен Өзбекстан 500 миллион доллардың келісімдеріне қол қойды

© Photo : пресс-служба премьер-министра Казахстана Аскар Мамин принял участие в форуме межрегионального сотрудничества Казахстана и Узбекистана в Ургенче
Аскар Мамин принял участие в форуме межрегионального сотрудничества Казахстана и Узбекистана в Ургенче  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
 Үргеніш қаласында Қазақстан мен Өзбекстанның аймақаралық ынтымақтастығының ІІ форумы өтті, шараға 300-ден аса адам жиналды

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Премьер-министрі Асқар Мамин  Қазақстан мен Өзбекстанның аймақаралық ынтымақтастық форумында бірнеше ұсыныс жасады. Нәтижесінде құны 500 миллион долларға жуықтайтын 52 келісімге қол қойылды.

Қазақстан премьер-министрі Шымкент қаласындағы "Оңтүстік" АЭА базасында жеңіл өнеркәсіп бойынша Қазақстан-Өзбекстан кластерін құру, Түркістан, Ташкент, Самарқан, Бұхара және Хорезм облыстарындағы туристік нысандар бойынша бірлескен туристік бағыттар ашу, көтерме-тарату және агро-логистикалық орталықтарды бірлесіп дамыту бойынша бастамалар көтерді, деп жазды премьер-министрдің ресми сайты.

Оқи отырыңыз: Назарбаев Мамин мен Досаевты неге шақырып алды?

Мамин Өзбекстан үкімет басшысы Абдулла Ариповпен келіссөз өткізу кезінде екі елдің транзиттік-көлік және логистикалық салалардағы ынтымақтастығына ерекше назар аударды. 

"Қазақстан үшін сіздің ел – Оңтүстік Азияға шығу жолы, Өзбекстан үшін біздің аумақ – ЕАЭО және Оңтүстік-Шығыс Азия, Кавказ бен Еуропа елдерінің нарығына шығу мүмкіндігі", — деп атап өтті Мамин.

Оның пікірінше, "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізінің инфрақұрылымын қалыптастырып, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту бойынша бірлескен іс-қимылды жандандыру қажет.

Кездесу барысында сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, транзиттік-көлік, су-энергетикалық, тоқыма, машина жасау, туристік, экологиялық салаларда, сондай-ақ қаржы технологиялары мен аймақаралық ынтымақтастық саласындағы екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай дамыту келешегі талқыланды.   

Жаңалықтар
0