Өңірлер

Қыстың соңғы күндерінде ауа райы қандай болады

© Sputnik / Тимур БатыршинСнег в Алматы
Снег в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдағы үш тәулікте өңірлерде біресе жаңбыр мен жабысқақ қар жауып, біресе жауын-шашынсыз болады. Солтүстікте қар, боран және көктайғақ

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Ақпан айының соңында елімізде күн күрт  жылынады. Ауа температурасы климаттық нормадан 5-12 градусқа жоғары, деп хабарлады Қазгидромет.

"Оңтүстік пен оңтүстік-батыста қар түсті. Ал циклондар мен антициклондардың жиі алмасатыны соншалық, синоптиктер оларды қадағалап үлгермей жатыр. Олардың жылдам ауысуы көктем белгісі", - деді синоптиктер.

Алдағы үш тәулікте Қазақстан арқылы қатты жылдамдықпен суық полярлық және арктикалық фронттар өтеді. Кейін антициклон таралады.

"Сондықтан жаңбыр мен жабысқақ қардан соң жауын-шашынсыз болады. Ал ауа температурасы әдеттегіден жоғары", - деді Қазгидрометте.

Тағы оқыңыз: Фотофакт: елордада 30 градус аязда жейдемен жүрген ер адам жұртты таңғалдырды

Наурыз айының басында солтүстікте қар, боран және көктайғақ болады. Оңтүстікте жаңбыр мен жабысқақ қар түседі. Көктемде ауа температурасы оңтүстік-шығыс өңірлерде климаттық норма шамасында. Өзге өңірлерде бір градусқа жылы.

Жаңалықтар
0