Елорда тынысы

Көлгінов елордадағы тұрғын үй құрылысының сапасы туралы ойын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневВиды Нур-Султана
Виды Нур-Султана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құрылыс жұмыстарының сапасына тиісті көңіл бөлу қажет, деп мәлімдеді астана әкімі Алтай Көлгінов

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан - Sputnik. Алтай Көлгінов жетекші құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесуде қолжетімді, коммерциялық тұрғын үй, әлеуметтік және мәдени нысандар құрылысы мәселелерін талқылады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қала басшысы құрылыс жұмыстарының сапасына тиісті көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.

"Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салу - біз үшін басты міндет. Бұл істе әкімдік барынша қолдау көрсетіп келеді, көрсететін болады да. Алайда сіздердің тараптарыңыздан да барлық қажетті талаптар орындалуы керек. Олардың қатарына құрылыс сапасы, жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қызметкерлерге уақытылы жалақы төлеу жатады", - деді әкім құрылыс компанияларының өкілдеріне.

Биыл қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі үш есе артады, деп атап өтті ол.

Тағы оқыңыз: Елорда әкімі биыл қанша қолжетімді баспана салынатынын айтты 

"Бірлесе құрылыс қарқынын арттыруымыз қажет", - деді шаһар басшысы.

Атап өтсек, Нұр-Сұлтанда бірыңғай дизайн-код қабылданды. Дизайн-код стилистикалық тұрғыда бірыңғай, жайлы әрі қауіпсіз қалалық орта қалыптастыру мақсатында қабылданған бірқатар ереже мен ұсынымнан тұрады. Ол ғимараттардың қасбеттік элементтеріне және көше-жол кеңістігіне бағытталған.

Сондай-ақ, шағын сәулет нысандары, абаттандыру, әрлеу материалдарын қолдану, түстік шешімдер, жарнамалық құрылымдар мөлшерін ескере отырып, көше-жол желісінің қазіргі жағдайын түзету қарастырылған.

Жаңалықтар
0