Экономика

Қазақстанның бағалы қағаздары 2020 жылы Ресей нарығына шығарылады

© Sputnik / Владислав ВодневТенге, деньги
Тенге, деньги - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан биылдың өзінде ресейлік облигациялар нарығына 500 миллион доллардан астам сомамен кіруді жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздары Ресей нарығына биыл шығарыла бастайды. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлім етті,  деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Биыл біз ресейлік облигациялар нарығына кемінде 500 миллион доллар сомамен кіруді жоспарлап отырмыз. Неліктен Ресей нарығы? Өйткені, ол жақта тарифтер арзан әрі валюталық тәуекел аз", - деді Смайылов журналистерге берген сұхбатында.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның қазынашылық бағалы қағаздары сатылатынын нақтылай түсті.

Бұдан бөлек, резидент емес тұлғалар шетелге қомақты капитал шығарып жатқаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

"Қазақстан резиденті, мәселен, қазақстандық компаниялар, заңды тұлғалар резидент еместерді жалдайды. Айталық, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан азаматтарын жұмысқа алып, сол үшін ақша төлейді. Ал бұл ақшаны олар өзінің еліне жібереді. Бұл резидент пен резидент еместің арасындағы қалыпты келісім", - деді қаржы министрі.

Әлихан Смайылов мұндай операциялар капиталды шығарумен байланысты емес екенін баса айтты.

Тағы оқыңыз: Биылдан бастап кімдер салық төлемейді – министрлік еске салды

Жаңалықтар
0