Қоғам

Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы митинг: қанша адам ұсталғаны белгілі болды

© Sputnik / Тимур БатыршинБарахолка
Барахолка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен сенбіде Нұр-Сұлтан және Алматыда заңсыз митингілер өтті. Бас прокуратура мұндай бас көтерулерге қатыспауға шақырған еді

АЛМАТЫ, 25 ақпан – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 22 ақпанда Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында өткен рұқсат етілмеген митинг кезінде ұсталғандар туралы айтты.

"Кей азаматтар еліміздің қалаларында рұқсат етілмеген митингіге шықты. Полиция 53 адамды қамауға алды. Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар да бар. 43 азамат әңгімелесу барысында босатылды", - деді Тұрғымбаев үкімет отырысынан кейін журналистерге.

Митингілер негізінен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өтті деп нақтылады министр.

21 ақпанда Қазақстанның бас прокуратурасы халыққа үндеу тастап, қашқын олигарх, "Қазақстанның демократиялық таңдауы"* экстремистік ұйымының жетекшісі Мұхтар Әблязовтің есімімен байланысы бар митингілерге қатыспауға шақырған еді.

Алматы облысында митингіге қатысуға шақырғаны үшін демократиялық партияны құрушылар Жанболат Мамай мен Жанбол Рахматолла қамалды.

Жанболат Мамай және Жанбол Рахматолла туралы не білеміз

Журналист Жанболат Мамай – демократиялық партияны құрып жатқан партия көшбасшысы. 2017 жылдың қыркүйегінде оған қашқын қазақстандық банкир Мұхтар Әблязовтің ақшасын заңдастырды деген айып тағылды.

Сот оны екі жыл бес айға бас бостандығын айырып, мүлкін тәркілеп, үш жылға журналистика саласында қызмет етуге шектеу қойды.

Жанбол Рахматолла – демократиялық партия мүшесі. Әлеуметтік желілерде өзін әлеуметтік белсенді ақын әрі саясаттанушы ретінде көрсетеді.

* "Қазақстанның демократиялық таңдауы" Қазақстанда экстремистік ұйым ретінде танылған

Жаңалықтар
0