Өңірлер

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтау әуежайында үш адамды ұстады

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуАрхивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых
Архивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұсталғандар Ираннан жеткізілетін "героин" есірткі затының контрабандасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Ақтау халықаралық әуежайында үш есірткі тасымалдаушы ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: ҰҚК лауазымды тұлғаның қылмысын әшкереледі - фото 

Ұсталғандар Ираннан жеткізілетін "героин" есірткі затының контрабандасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде ұсталғандардың ішкі құрылысынан 302 героин капсуласы табылды, олардың жалпы салмағы шамамен 1 килограмм (бес мың біржолғы доза), құны 50 миллион теңге болады", - делінген хабарламада.

Осы факт бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі, 286-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы мен 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған адамдар тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Жаңалықтар
0