НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан — Sputnik. Қазгидромет мамандары 25-27 ақпандағы ауа райы болжамын ұсынады. Алдағы күндері сібір антициклонының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Бірақ Қазақстанның көптеген аймағында түнде және таңертең тұман түсіп, салдарынан жолдардың көрінуі нашарлайды.
Тағы оқыңыз: Қазақстанның астанасы мен жеті облысында дабылды ескерту жарияланды
"Ал республиканың батыс аймағына жауын-шашын мен көктайғақ әкелетін атмосфералық фронттар ығысады. Бұл фронттар кезекті атлантикалық циклонмен байланысты болғандықтан ауа температурасының жоғарылауына да алып келеді. Фронттардың батыстан шығысқа жылжуына байланысты жауын-шашын мен көктайғақ Қазақстанның қалған бөлігінде де күтіледі. Алдағы үш тәулікте ауа температурасы климаттық нормадан 4...12°C аномальды жоғары болады", - делінген мәліметте.
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтан
25-ші ақпанда түнде минус 13, күндіз минус 3 градус. Күн бұлтты, 5-8 м/с жел соғады.
26-шы ақпанда түнде минус 6, күндіз плюс 3 градус. Ауа райы жауын-шашынды, жел күші – 9-15 м/с.
27-ші ақпанда түнде минус 3, күндіз плюс 1 градус. Қар жауады. Жел 12-21 м/с дейін күшейеді.
Алматы
25-ші ақпанда түнде плюс 3, күндіз плюс 8 градус. Жаңбыр жауады.
26-шы ақпанда түнде плюс 1, күндіз плюс 11 градус. Күн ашық болады.
27-ші ақпанда түнде 0, күндіз плюс 10 градус. Ауа райы жауын-шашынды.
Шымкент
25-ші ақпанда түнде плюс 5, күндіз плюс 16 градус. Аздап жаңбыр жауады.
26-шы ақпанда түнде плюс 7, күндіз плюс 18 градус. Жауын-шашынды ауа райы қалыптасады.
27-ші ақпанда түнде 0, күндіз плюс 5 градус. Қар аралас жаңбыр жауады.