НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Дәрігерлер қайтыс болды деген Украинаның 83 жастағы тұрғыны Ксения Дидух туысқандары жерлеуге дайындалып жатқан кезде тіріліп кетті.
ТСН ақпаратынша, таңғажайып оқиға Винницкая облысында болған.
Зейнеткер он сағат бойы ес-түссіз жатқан, еш белгі бермеген. Осыдан кейін дәрігерлер оның қайтыс болғанын айтқан.
Медбикелер қарт әжейдің тамыр соғысы мен қысымын өлшеген, бірақ құрылғы ештеңе көрсетпепті.
Дәрігерлер, сондай-ақ, кардиограмма жасатқан – түзу сызық шыққан.
Тағы оқыңыз: Әйел адам жерлеу рәсімінде тіріліп кетті
Дидухтың туысқандары қабірді қазып, жаназаға дайындалған. Алайда сол сәтте зейнеткер көзін ашып, күліп, қалжыңдай бастапты.
Дәрігерлердің айтуынша, әйел клиникалық өлімді бастан кешірген.