Оқиға

Бірнеше басшы ұсталды: Қазақстан ломбардтарында не болып жатыр

© AFP 2024Ломбардқа зергерлік бұйым өткізіп жатқан ер адам, архивтегі сурет
Ломбардқа зергерлік бұйым өткізіп жатқан ер адам, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Клиенттердің шағымынан кейін Тараз, Павлодар және Қарағандыдағы ломбардтардың қожайындары қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Павлодарда "Гарант-24" ломбардының өңірлік директоры ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, "Гарант-24" ломбардының Павлодардағы филиалының басшысы алданып қалған тұрғындардың шағымынан кейін ұсталған.

"Салымшылардан ұжымдық шағым түсті. Олар ломбардқа салған ақшасы мен дүние-мүлкін кері ала алмай жатқанын айтып арызданды. "Гарант-24" ломбардының өңірлік директоры ұсталып, Павлодардың уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп мәлімдеді ведомстводан.

Павлодар облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы ломбард басшысының іс-әрекетін Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-тармағы (аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) бойынша тергеп жатыр.

Сондай-ақ, ІІМ ақпаратынша, "Гарант 24 Ломбард" Тараздағы филиалының директоры ұсталды. Құқық қорғаушылар алаяқтық және қаржы пирамидасын құру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Полиция тергеу мүддесіне байланысты оқғаның мән-жайын жария етуден бас тартты.

Бұдан бөлек, Қарағандыда "Гарант 24 Ломбард" ЖШС бас директоры қамауға алынды. Бір тәулік ішінде 36 адам ломбард басшысының үстінен шағымданған.

Тағы оқыңыз: Енді ломбардтар мүлкін өткізгендерді суретке түсіреді

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында "Гарант 24 Ломбард" салымшылары 52,5 миллион теңгесінен айырылды. Ал Батыс Қазақстан облысында дәл осы ломбардтың иелері екі тұрғынды алдап, 13,5 миллион теңгесін иемденіп кеткен.

Қазақстан ломбардтарында не болып жатыр

21 ақпан күні Қазақстанның бірнеше қаласында "Гарант 24" және "Estate Ломбард" салымшылары компания кеңсесіне жиналып, салған ақшасын қайтап беруді талап етті. Полиция "Гарант 24" компаниясына қатысты тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді.

Құқық қорғаушылар ломбард иелерінің әрекетінен сан соғып қалған қазақстандықтарға полицияға арыздануға кеңес берді.

Атыраудың өңірлік басылымдары Home Avto Invest ломбардының салымшылары филиал басшысын тұтқынға алғанын хабарлады. Кейінірек Атырау облысының полициясы ломбард директорының бейнеүндеуін таратты. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Тағы оқыңыз: "14 мың сал да, 114 мың ал": сарапшы жаңа қаржы пирамидасы туралы шындықты айтты

Қаржы нарығын реттеу агенттігі түсіндіргендей, "Гарант 24" және "Estate Ломбард" ломбардтарының қызметінен қаржы пирамидасының белгілері байқалған.

Жаңалықтар
0