Қоғам

Әкім әлеуметтік желіде қазақстандықтардан көмек сұрады

© Photo : Dean MoriartyСмартфоны в руках
Смартфоны в руках - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Он төрт жастағы 8 сынып оқушысы кеше түсте үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған, іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Алматының Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов әлеуметтік желі арқылы қала тұрғындарынан 14 жастағы оқушыны іздеп табуға көмектесуді өтінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

2005 жылғы Шерхан Тұрмаханбетұлы Кунту Алматыдағы мектептердің бірінде 8 сыныпта оқиды. Ол 20 ақпан күні сағат түскі 14:30-да үйден шығып, сол күйі оралмаған.

Баланың бойы – 1.50 см, шашы қара, арықша келген. Үстінде қара куртка, қара бас киім, джинс шалбар, аяғында көк кроссовка, қолында қара түсті сөмке болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Maqsat Sákenuly Qiqymov (@kikimov_maksat)

"Қандай да бір ақпарат болса, жазуды сұраймыз!", - деп көмек сұрады аудан әкімі.

Полициядан бөлек жасөспірімді еріктілер де іздеп жатыр.

Полиция департаменті оқушының жоғалып кеткенін растады.

"Ата-анасы ұлының жоғалып кеткені туралы кеше 21.00 шамасында хабарлады. Арнайы іздеу тобы құрылды. Оның құрамына ювеналды және криминалды полицияның қызметкерлері, учаскелік инспекторлар кірді. Хабарламалар әр жерге жапсырылды, барлық бөлімшеге жіберілді, сауда үйлері мен компьютерлік клубтарға таратылды", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Тағы оқыңыз: Алматыда үш баланың денесі табылды – Сағынтаев көңіл айтты

Әзірге іздеу жұмыстары оң нәтиже берген жоқ. Жұмыс жалғасып жатыр.

Жаңалықтар
0