Қоғам

Ішкі істер министрі полицейлердің басты кемшілігін атады

© Sputnik / Абзал КалиевМитинг 16 декабря в столице
Митинг 16 декабря в столице - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қызметкерлер күнделікті өмірде өздерінің функционалды міндеттерін, белгілі бір бекетте не үшін тұрғанын түсіндіре алмайды, дейді ол

НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полицейлердің бойындағы басты кемшілікті мойындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, құқық қорғаушыларды даярлау бағдарламасына жаңа пәндер енгізіліп отыр. Соның ішінде полицейдің арнайы тактикасы, психологиялық дайындық және ақпараттық-коммуникативті технологиялар бар.

"Енді, өзіңіз де жақсы білесіздер, біздің қызметкерлеріміз күнделікті өмірде өздерінің функционалды міндеттерін, белгілі бір бекетте не үшін тұрғанын түсіндіре алмай жатады. Осы кемшілікті жоюымыз керек. Сол себепті осындай тренингтер мен пәндер енгіздік. Сонда әрбір қызметкер қоғамдық тәртіпті күзетіп қана қоймай, өзінің міндеттері жайында қысқа әрі сауатты түрде айта алады", - деді Тұрғымбаев сенатта өткен үкімет сағатында.

Оның айтуынша, бұрын құқық қорғаушылар арнайы жоғары оқу орындарында даярланған. Қазіргі кезде үш академия ғана қалды. Ал жас мамандарды қатардағы университеттерден тартады. Олар 3-6 айлық курстардан өтеді. Ал дипломға дейінгі тәжірибені ішкі істер органдарында өткізеді.

Сол уақытта тиісті құжаттарды тапсырып, диплом алғаннан кейін бірден қызметке тұра алады. Ішкі істер органдарына қатардағы университеттерден бірден маман тартудың тиімділігі зор. Мысалы, жас маман казармада жатып оқымайды. Ондай оқытудың кемшін тұсы – маманның қоғам өмірінен алыстап кетуі. 

Тағы оқыңыз: Сыбайластары болуы мүмкін: ІІМ қару ұрлаған сарбаз ісіне қатысты ақпарат берді

"Қазірдің өзінде біз адамды казармада жатқызып, төрт жыл бойы оқытудың кемшін тұстары бар екеніне көз жеткіздік. Ол өмірден алыстап кетеді. Қоғам ішінде не болып жатқанын білмейді. Ақпараттық технологиялар саласындағы өзгерістерден тыс қалып жатады. Иә, ондай маман саптық даярлықты және атуды жақсы біледі. Жеке дайындығы да жоғары. Бірақ ол қоғамдық өмірден қол үзіп қалады", - деп атап көрсетті Ерлан Тұрғымбаев.

Жаңалықтар
0