https://sputnik.kz/20200220/podpolkovnik-video-12895999.html
Подполковникті ұстау операциясының видеосы жарияланды
Подполковникті ұстау операциясының видеосы жарияланды
Sputnik Қазақстан
Солтүстік Қазақстан облысында полиция полковнигі қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 2 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді 20.02.2020, Sputnik Қазақстан
2020-02-20T15:09+0500
2020-02-20T15:09+0500
2023-08-09T15:55+0500
https://sputnik.kz/img/188/92/1889250_0:0:3263:1844_1920x0_80_0_0_608b7972cf3359bb68c113425a86b5bf.jpg
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2020
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/188/92/1889250_0:0:3263:2050_1920x0_80_0_0_8fef6b12b1ac49c652019eaf09838c8e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Подполковникті ұстау операциясының видеосы жарияланды
15:09 20.02.2020 (жаңартылды: 15:55 09.08.2023) Солтүстік Қазақстан облысында полиция полковнигі қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 2 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді
НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полиция полковнигін ұстады. Ол ірі көлемде пара алғанын мойындап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқи отырыңыз: Алматы қаласы ауданының судьясы парамен ұсталды - видео
Ресми мәліметке сәйкес, подполковник Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінде аса маңызды істер бойынша аға тергеуші болып жұмыс істеген.
"Ол қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 2 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Дәл осы іс 2020 жылы 8 ақпанда қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған болатын. Күдікті өз кінәсін мойындады. Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеуді қысқа уақыттың ішінде аяқтау жоспарланып отыр. Соңғы шешімді сот шығарады", - деді аға тергеуші Данияр Бигайдаров арнайы баспасөз мәслихатында.
Бүгін агенттік подполковникті ұстау видеосын да жариялады. Онда тергеушінің сөмкесінен қағазға оралған бір бума ақшаның шыққаны көрсетілген.