Қоғам

Орын тапшы: алматылық студенттердің проблемасы қалай шешілмек

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуКлючи от квартиры, архивное фото
Ключи от квартиры, архивное фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір республика бойынша жатақханалардағы орын тапшылығы 85 мыңды құрайды, соның 30 мыңы Алматы қаласында екен

НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Қазақстан бойынша жатақханалардағы орын тапшылығы жағынан Алматы көш бастап келеді. Оңтүстік мегаполисте жаңа жатақханалар салу үшін бос жер жоқ. Бұл туралы білім және ғылым вице министрі Бибігүл Асылова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазір республикадағы жатақханаларда орын тапшылығы 85 мыңды құрап отыр. Ең көп тапшылық Алматыда - 30 846, Нұр-Сұлтан - 16 925 мен Шымкентте - 7415 орын.

"Алматыда 30 мың орын тапшы. Аралық нәтижелерге көз жүгіртсек, жатақхананы іске қосу жағынан олар көш бастап келеді. Қазірдің өзінде екі мың орын пайдалануға берілді. Бірақ соған қарамастан, сұраныс өте жоғары", - деді Асылова министрлікте өткен брифингте.

Оның айтуынша, жатақхана салудағы басты қиындық - бос жердің жоқтығы. Орын тапшылығын шешу үшін министрлік кәсіпкерлермен келіссөз жүргізіп жатыр. Құрылысқа отандық қана емес, шетелдік инвесторларды да тарту жоспарда бар.

Министрліктің биылға арналған жоспарына сүйенсек, елімізде 15 орындық жаңа жатақханалар пайдалануға беріледі. Оның ішінде нақты қанша орын Алматыға тиесілі екенін бейінді ведомство айта алмады.

Тағы оқыңыз: Өзбек студенттерінің Қазақстаннан жаппай кетуі: білім министрлігі не дейді

"Біз қазір оны айта алмаймыз. Өйткені мұны алдын ала болжау мүмкін емес. Біріншіден, ол нысан қашан пайдалануға берілетіні, жыл соңына дейін аяқтала ма, жоқ па, белгісіз. Мәселен, жаңадан жатақхана салғысы келсе, кем дегенде бір жарым жыл керек. Ал егер дайын ғимаратты қайта қалпына келтірсе, онда жаңа оқу жылы басталғанға дейін бітіруі тиіс", - деді вице министр.  

Асылова әр университет ректорында орын тапшылығын азайту бағытында атқарылатын жұмыстар жоспары бар екенін атап өтті.

Қазір бекітілген келісімшарттарға сәйкес, алдағы бір жарым жылда Алматы жатақханаларында төрт мың жаңа орын пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Жаңалықтар
0